Барлық жаңалықтар
KASE· 11 тамыз 2026

KASE-де Азия даму банкінің халықаралық облигацияларын орналастыру басталды

Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда алаңында Азиялық-Тынық мұхиты аймағының ірі көпжақты қаржы институттарының бірі — Азия даму банкінің (АДБ) халықаралық облигацияларын алғашқы орналастыру жүргізілуде. Орналастыру жазылу тәсілімен жүзеге асырылуда, қағаздардың сатушысы ретінде Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan) АҚ әрекет етуде. Қазақстан нарығында жоғары кредиттік рейтингі бар халықаралық ұйымның облигацияларының пайда болуы жергілікті инвесторлар үшін тәуекелі төмен, табысы болжамды құралдар тізімін кеңейтеді. Мұндай орналастырулар сондай-ақ Қазақстан қор нарығының инфрақұрылымын дамытуға және оның жаһандық институционалдық инвесторлармен байланысын нығайтуға ықпал етеді.